!!! Speciální stránka pro zadání nové zoo, doplnění či opravu stávajících údajů  !!!  •  !!! Special page for entering a new zoo, addition or correction current info !!!
 
Astana Oceanarium "Duman"
 
     
  Туралы мұхитаралыда  
            "Думан" Ойын-сауық орталығының Мұхитаралы дала төсінде мұхит тереңінің құпиясын ашады.

          Думан" Ойын-сауық орталығының Мұхитаралы – ТМД-дағы тұңғыш Мұхитарал. Сонымен қатар, бұл- мұхиттан 3000 шақырымнан астам қашықтықта орналасқан, әлемдегі бірегей Мұхитарал. Бұл - «ДАЛА ТӨСІНДЕГІ МҰХИТ ТАМШЫСЫ»!
         Сіздің суасты әлемінің бар сұлулығын және суасты тұрғындарын көруге қайталанбас мүмкіндігіңіз бар. Мұнда Сіз балықтар ғана емес, сонымен қатар теңіз тасбақалары, актиниялар, теңіз жұлдыздарының және т.б. түрлеріне кездесесіз. Суасты әлеміне жақындау мүмкіндігі Сіз және Сіздің балаларыңыз үшін қайталанбас тәжірибе болады.
          Мұхитарал бас тоғаннан – бір үлкен аквариумнан және әртүрлі көлемдегі жиырма аквариумы бар үш үлкен көрме аймағынан тұрады. Үлкен аквариумның түбінен акрил шыныдан жасалған ұзындығы 70 метрлік, жарықтандырылған, жылжымалы жолы бар туннель жасалған. Көрме аймағындағы аквариумдардан Сіз ихтиофаунаның жеке өкілдерін көре аласыз және біздің сапарсеріктерден бірегей балықтар мен теңіз жануарлары туралы жан-жақты мәліметтер ала аласыз.
          Мұхитаралдың бас тоғанының көлемі 3 миллион литр теңіз суын құрайды. Теңіз суын дайындау үшін жыл сайын 120 тоннаға жуық арнайы теңіз тұзы пайдаланылады. Мұнда Жер шарының әр түрлі теңіз фаунасының 100 –ден астам түрінен 2000-нан астам теңіз мекендеушілері мекендейді. Бас тоғанның ең ірі мекендеушілері – акулалар, олармен бірге ірі теңіз алабұғасы, мурендер, теңіз кірпілері және басқа да гидробионттар.
          Мұхитаралдың қызметі тіршілікпен қамтамасыз етудің бірегей жүйесінің көмегімен жүзеге асырылады: 34 қуатты сусорғы, әрқайсысы 200 мың литр болатын 6 құмды сүзгіш, сонымен қатар, балықтардың өміріне ешбір қауіп келтірмейтін материалдан жасалған, судың қажетті химиялық құрамын және мөлдірлігін қамтамасыз ететін ұзындығы 11 км арнайы құбыры бар су тазарту жүйесі.
          2006 жылы Мұхитаралда «Қазақстан балықтары» - жаңа көрме аймағы құрылды. Бұл жобаның мақсаты - Мұхитаралға келушілерге Қазақстан Республикасының бай флорасы мен фаунасын көрсету, туған жерге деген сүйіспеншілік, мақтаныш, патриотизм сезімдеріне тәрбиелеу. «Қазақстан балықтары» көрме аймағында қазақстандық ихтиофаунаның 12 түрінен 150-ден астам гидробионттар мекендейді.
           Келесі көрме аймағында Оңтүстік Америка мен Оңтүстік-Шығыс Азияның тұщы сулы тоғандарын мекендеушілер көрсетілген. Мысалы, пиранье тұқымдастардың бір түрі- пираньилер ашқарақ, жыртқыш балықтар болса, ал Паку -олардың бейбіт туыстас тұқымдастары нағыз вегетариандар болып табылады. Сонымен қатар, мұнда теңіздер мен мұхиттар жағалауының өкілдерін: теңіз жұлдыздарын, «Немо» мультфильмінің кейіпкерлерін, теңіз клоундарын көруге болады.
          Мұхит түбіндегі маржанды жартастар патшалығында балық-сиырлар, балық-түлкілер, балық-иттер, актинилер мекендейді. Және мұнда қанатты-зебралар, мурендер, балық-кірпілер сияқты улы, қауіпті балықтары бар аквариум орналасқан.
          «Думан» Ойын-сауық орталығының Мұхитаралында Мұхиттың барлық жұмбағы мен суасты әлемінің сұлулығы қала тұрғындары мен қонақтары үшін әрқашан қолжетімді!
Мұхитаралдың Шоу – бағдарламасы:
1. шоу "Акуланы қоректендіру"
2. шоу "Су перісі"
3. шоу "Теңіз тереңіндегі би"

Бастау: Мұхитаралы «Думан» ресми вебсайт (2013)

 
   
WZD - Worldwide Zoo Database
2009 - 2019
Zdroje a autoři: WZD, oficiální stránky ZOO, oficiální tiskové a jiné materiály ZOO (není-li uvedeno jinak); Datum poslední aktualizace: 24. 12. 2019
Sources and authors: WZD, official websites of ZOO, official printed and other matters of ZOO (if it is not stated otherwise); Date of last actualization:24. 12. 2019
Všechny části tohoto webu (včetně obrázků, videí apod.) podléhají copyrightu autorů.   •   All parts of this website (including images, videos, etc.) are subject to copyright of authors.